kz

RU
EN
KZ
Иван Маевский мен Макс Эбонг Беларусь құрамасының кеңейтілген тізіміне енді
09 нау 2020


Беларусь құрамасы 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңі аясында 26 наурыз күні Грузия құрамасымен кездеседі.
Беларустардың бас бапкері Михаил Мархель аталмыш ойынға шақырту алатын футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Ол тізімге «Астана» футбол клубының екі ойыншысы Иван Маевский мен Макс Эбонг енді.
Маевский өз құрамасы сапында 34 ойын өткізсе, Эбонг Беларусь құрамасы жейдесінде әзірге екі кездесуде алаңға шыққан.
Грузияға қарсы ойынға дайындалатын футболшылардың нақты тізімі 23 наурыз күні белгілі болады.

Бас серіктес